Жайыққа батып кеткен достарын құтқарып қалған оқушы «Жас батыр» атанды
Жайыққа батып кеткен достарын құтқарып қалған оқушы «Жас батыр» атанды
606
оқылды
Балалар жылы аясында Астанада өткен жас патриоттар форумында екі баланың өмірін  құтқарған кішкентай ғана Дінмұхаммед Жаңбырбай «Жас батыр» номинациясының жеңімпазы атанды. Еліміздің барлық өңірінен  7-14 жас аралығындағы жас ақын, жазушы, блогер, суретші, спортшылар қатысқан іс-шарада оқу, спорт, өнерде және батылдығымен ерекше көзге түскен жас патриоттар марапатталды.
«Әрқайсысыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндігін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
 width= Еске сала кетсек, 3 желтоқсан күні  Жайық өзенінде мұз жарылып, 9 және 14 жастағы екі бала суға кете жаздаған болатын. Сын сағатта 8 жастағы Дінмұхаммед  балаларға көмекке келіп, оларды құтқарып қалған еді. Атырау қаласындағы №3 мектептің 3-сыныбында оқитын Дінмұхаммед Серікұлының ерлігіне дүйім ел тәнті болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА