Парижде белгісіз адам оқ атып, кемінде екі адам көз жұмды, тағы төртеуі жарақат алды.
Оқиға Шығыс вокзалындағы күрд мәдени орталығының жанында болған. Жергілікті полиция 10-округтегі Ангьян көшесіндегі оқиғаны тергеп жатқанын хабарлады. Париж тұрғындарынан бұл аймаққа жақындамауды сұрады. Оқ атқан адам 69 жаста, ол ұсталды. Оның мұндай әрекетке бару себептері әзірге белгісіз.