«Қазгидромет» РМК қарашаның 24-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
24 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыс антициклон жоталарының ықпалымен республиканың солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен боран соғып, қар жауады.
Республика бойынша желдің күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, елдің орталығында тұман түсіп, солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.