Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың саны белгілі болды
Парламент Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттардың саны белгілі болды
577
оқылды
Қазақстан  Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталды, - деп хабарлайды Ұлттық сайлау комиссиясы. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Қазақстан  Парламенті Сенаты депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің 66 кандидатын тіркеді. Кандидаттардың ішінде 63 адам өзін-өзі ұсынса, үшеуін мәслихаттар ұсынған. Тіркелген кандидаттардың ішінде 46 ер адам, 20 әйел адам бар. Оның ішінде төртеуі Парламент Сенатының қазіргі депутаты, 15-і - мемлекеттік ұйымдардың қызметкері, 29-ы - мемлекеттік қызметші, 13-і  - коммерциялық құрылымдардың қызметкері, 5-і - қоғамдық ұйымдардың өкілі. Мамандық бойынша: 3 дәрігер, 7 инженер, 8 заңгер, 1 саясаттанушы, 1 журналист, 14 мұғалім, 9 экономист, 10 ауыл шаруашылығы қызметкері және 13 басқа мамандық өкілдері. Үміткерлердің орташа жасы - 51,8 жас. Тіркелген кандидаттардың ең көп саны Жамбыл облысы мен Алматыда: әрқайсысы 5 үміткерден. Абай ауданы мен Түркістан облысында 4 үміткер тіркелген. Қалған 15 облыс пен Шымкент қаласында 3 үміткер тіркелген. Осылайша, тіркелгендердің ішінен бір мандатқа орта есеппен Парламент Сенаты депутаттығына 3 кандидат үміткер.