«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, яғни 29-31 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
– «Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады», – дейді синоптиктер.
Қар жауып, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қар аралас жауын жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.