Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,65 теңгеге жоғарылады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 461,23 теңге.
Ал, Ресей валютасы 6,52 теңге болды.
Ұлттық банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 460,62 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 467 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 466,5 теңге.
Ресей рублі 6,41 – 6,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.