«ҚазАгроҚаржы»: Тиімді шартпен техника
«ҚазАгроҚаржы»: Тиімді шартпен техника
1,333
оқылды
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі. Осы ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие-лизингтік қызмет департаментінің директоры Алмас Жагисов бізге фермерлердің елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ете алуы үшін және өз өндірісін жаңа техникамен толықтыруы үшін қандай шаралар қолға алынғаны туралы айтып берген еді. Бізге компания туралы, оның өнімі туралы айтып беріңізші? – «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қызмет бағыты – ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техникаларды және көлік құралдарын лизингке алып беру.  Компания қаржыландыру бағдарламасының кең ауқымда теңдестірілген өнімдік желісін жүзеге асырады. Ол ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің түрлі санаттарының мүддесі мен қажеттіліктеріне сай техникаларды тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда бірінші кезекте стандарт шарттар бойынша қаржылық демеу алуға болады, яғни қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін, клиентке арналған соңғы мөлшерлеме, субсидияны қоса алғанда  - 6% және аванстық төлем техника құнының 15%-ын құрайды. Сонымен қатар «Қазақстанда жасалған», «Сенімді фермер», «Мастер-лизинг», «Экспресс лизинг» секілді арнайы бағдарламалар бар. Оған қоса, биылдан бастап «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы іске қосылды. – Ең танымал өнімдеріңіз қандай? – Біздің клиенттердің арасында «Экспресс-лизинг», «Мастер-лизинг» және «Жеңілдікті лизинг» секілді  бағдарламалар үлкен сұранысқа ие. Мәселен, «Экспресс-лизинг» аз құжат сұратып, тез қарастыратын жеделдігімен уақыты тығыз клиенттеріміз үшін ыңғайлы болса, «Мастер-лизинг» бірден бір жылға кредиттік желі ашуға мүмкіндік береді. Одан соң клиент жыл бойы хабарласқан кезде қайтадан құжаттардың толық топтамасын жинап, өтінімді қарау процедурасынан өтіп жатпайды, тек әр кезек өтінім берсе жеткілікті. «Жеңілдікті лизинг» клиенттер үшін техниканы аванссыз және жеңілдікпен жылдық 6% мөлшерлеме бойынша алуына мүмкіндік беретінімен тартымды боп тұр. – Қаржыландыруға өтінім берілген кезде оны қарау мерзімі қанша? Сосын өтінімі қысқа мерзімде қаралатын бағдарламалар бар ма?  – Қаржыландыруға берілген өтінімді қараудың жалпы мерзімі – 12 күн. Бүгінде  ең бір маңызды бағдарламалардың бірі – «Экспресс-лизинг». Оның артықшылығы – қарау мерзімі анағұрлым тез: өтінімді офлайн берген жағдайда – 5 күн, онлайн берген жағдайда – 2 күн. Қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін, клиентке арналған соңғы мөлшерлеме, мемлекеттік субсидияны қоса алғанда  6% және аванстық төлем техника құнының 20%-ын құрайды. Өтінім ең аз құжаттар топтамасы негізінде қаралады, қаржылық есептілік пен бизнес-жоспар талап етілмейді, яғни клиетке кірістерін дәлелдеудің қажеті жоқ. «ҚазАгроҚаржы» компаниясы үнемі өзінің қызметін жетілдірумен келеді, осы мақсатта мерзімдерді қысқарту және құжаттар топтамасын азайту шараларын өткізіп тұрады. – Жауапкершілігі жоғары адал клиенттеріңізге ықыластылық таныту бағдарламасы қарастырылған ба? – Иә, жауапкершілігі жоғары және адал клиенттеріміз үшін «Сенімді фермер» бағдарламасы жұмыс істейді. Клиентке техниканы бастапқы жарнасыз, аванссыз алуға және оны егінін жинап болған соң төлеуге мүмкіндік беріледі. Яғни, егер клиенттің оң несие тарихы бар болса, қарыз болмаған болса, онда осы басымдықтарды пайдалана алады. – Ал егер клиенттің авансы жоқ болса қайтпек керек? – Авансты инвестициялық субсидиялар есебінен техника құнының 15%-ынан 25%-ына дейін төлеуге болады. Алып жатқан техникасы клиент үшін кепілзат ретінде саналып, оның пайдалануына беріледі. Әйтсе де, техника оның жекеменшігіне тек қана құнын толық өтеп болған соң өтеді. – Өтінімді онлайн беруге бола ма? –  Компанияның www.kaf.kz ресми сайты арқылы ЭЦҚ көмегімен қажетті құжаттарға қол қою жолымен өтінімді онлайн беруге болады. Сайтта клиенттің жеке кабинеті ашылып, алдағы лизингтік төлемдерді есептей алуы үшін лизингтік калькулятор беріледі, онда ол берген өтінімінің дәрежесін бақылап отыра алады. Бұл жағдайда өтінімдерді қарау процесі айқын болады, сондай-ақ оның қарау мерзімі 2 күнге дейін қысқарады. – Өтінім беру үшін қанша құжат жинау қажет? – Әр бағдарлама бойынша өтінім беруге қажетті құжаттардың саны әртүрлі. Жалпы саны 6-дан көп емес, бірақ клиент өтінімді онлайн берер болса – 2 құжат. Нақты бір бағдарлама бойынша толық тізімді Акционерлік қоғамның www.kaf.kz сайтынан немесе филиалдары арқылы, сондай-ақ call-center арқылы білуге болады. Тағы бір атай кеткім келетіні, Акционерлік қоғам жыл сайын мемлекеттік мәліметтер базасына кіріктіру жолымен құжаттар топтамасын азайту жұмыстарын жүргізіп келеді. – Клиент өзінің қарызынан толықтай құтылғаннан кейін техниканың жағдайы қалай болады? – Бүкіл кезең бойы лизинг алушы техниканы тағайындалған мақсатына сай пайдаланады. Компанияның жауапты қызметкерлері жыл сайын аталған ауыл шаруашылығы техникасының бар-жоғын және техникалық жағдайын тексеріп отырады. Ал міндеттемелер толықтай өтелгеннен кейін лизинг алушыға Акционерлік қоғамнан лизинг арқылы алған техникасына меншік құқығы беріледі. – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Нұрлан ҚОСАЙ