2023 жылғы 1 және 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері істемейді, – деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
«Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісімге сәйкес, мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 1, 2 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушыларды және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.