Президент банкроттық туралы заңға қол қойды
Президент банкроттық туралы заңға қол қойды
Фото: akorda.kz
582
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлады Ақорда. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады. Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:
  • Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.
Айта кетейік, кеше Сенат депутаттары банкроттық туралы заңды қабылдаған еді. Онда 1,1 млн қазақстандық кредитінен құтылуы мүмкін екені айтылды.