Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңыздағы жолдың бірқатар бөлігі жабылды.
Қызылорда облысында ауа райының жағдайы нашарлай түсті. Қарлы боран, боран көрінуді шектеп жатыр.
«Осыған байланысты елорда уақытымен 18.20-ден бастап республикалық маңыздағы Самара-Шымкент тасжолында автокөліктің барлық түріне 1240-1474 шақырымында қозғалыс жабық екенін хабарлаймыз. Ол Ақтөбе облысының шекарасынан Әйтеке би кентіне дейінгі аралықты қамтиды», – деп жазылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.