Курчатов кезінде Семей ядролық полигонының орталығы болған. Бүгінде шағын ғана шаһар – Абай облысындағы ең қауіпсіз қалаға айналған. Бұл жайында қала әкімі хабарлады.
– Қаламыздағы 78 үйдің барлығына камера орнатылған. Барлығы – 215 нысан. Ішінде мектептер мен балабақшаларға да камера қойылған, – дейді Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков.
Оның айтуынша, соның арқасында қаладағы құқық бұзушылық азая түскен. 2022 жылдың 6 айында қылмыс саны 15 пайызға төмендеген. Қазір қалада 200-ден астам бейкамера жұмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 30-ын қою жоспарланып отыр.