«AMANAT»: балалардың бақытына басқан қадам
«AMANAT»: балалардың бақытына басқан қадам
546
оқылды
«AMANAT» партиясының мү­шелері екібастұздық 1 мың­­нан астам балаға дема­лыс ұйымдастырды. Оқушы­лар қысқы демалысты Семей, Алматы қалаларының және Алматы, Түркістан, Павлодар және Ақмола облысының ши­пажайларында өткізеді. Олардың алғашқы легі дема­лысқа аттанып үлгерді. Нақтырақ айтсақ, екібастұздық 35 бала қыс­қы каникул кезінде Ақмола об­лысының Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс базасында ты­нығады. Бүлдіршіндірге 4 мұғалім мен 1 медицина қызметкері бекі­тіліп, демалыс орнына бірге келді. Екібастұздан Көкшетауға қаты­найтын пойызды «AMANAT» пар­­тиясының Солтүстік Қазақ­стан өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алды. Ол бала­лармен бірге Зерендіге дейін ба­рып, оларды лагерьге орна­лас­тыруға атсалысты.
«Балалардың демалысы «AMANAT» партиясының Төра­ғасы Ерлан Қошановтың тапсыр­масы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың саяхаты мен демалы­сына ақша жинады. Оның басым бөлігі – демеушілердің қаржысы. Бүгінде бүкіл ел Екібастұз тұрғын­дарына жанашырлық танытуда. Қиын күндер артта қалғанда, біз демалыс кезінде балалардың кө­ңілін аулап, оларға ерекше назар салып жылытқымыз келеді», – деді Болат Данияров.
Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері ал­ғашқы күннен бастап қала тұр­ғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқаны белгілі. Тұр­ғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар та­ратылды. Екібастұздықтарға көр­сетілетін көмек мұнымен шек­телген жоқ. Мәселен, партиялық уәделерді орындау мақсатында аманаттықтар балаларға қысқы каникул кезінде демалыс ұйым­дастырды. Ал осы кезде Екібас­тұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмысы жүргізілуде. Балаларды шипажайларға жі­бе­ру жұмысымен тікелей «AMANAT» партиясының Пав­ло­дар облыстық филиалы айналы­сады. Филиал төрағасы Илья Теренченко ау­қымды дайындық жұ­мысы жүр­гізілгенін атап өтті. Яғни, ата-ана­лардың рұқсаты жи­налып, партия аппараты қыз­мет­кер­лерінің, мек­теп мұғалімдері мен медицина са­ласы маманда­ры­ның қатарынан балалармен бірге еріп жүретін азаматтар дайын­далды.
«Екібастұздық 1 мыңға жуық бала ел аумағындағы шипажай­ларға демалуға аттанды. Ең бас­тысы, балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, олардың жолдағы қауіп­сіздігін қамтамасыз ету. Жаңа жыл жағымды оқиғалардан басталып жатқаны қуантады. Балалар Қа­зақстанның жаңа қалаларын ара­лап, құрбы-құрдастарымен та­нысып, денсаулығын нығайта алады», – деді ол.
Балалар төтенше жағдай ке­зінде қиын болғанын айтады. Бір ай бойы олар суықта өмір сүруге мәж­бүр болды, батареялар жарыл­ды, тек еріктілер әкелген жылыт­қыш­тардың септігі тиді. Қазір жағ­дай тұрақталды. Балалар Зе­рен­діде қысқы демалыстарын тиім­ді өткізе алады. Олардың бар­лығы белсенді демалыстан дә­мелі. Бұған дейін балалар мұнда еш­қашан болған емес. Оларға Арқаның кербез сұлу Көкшетауы бір дегенде жақсы әсер қалдырды. Балалардың айтуынша, Зерен­дінің табиғаты өте әдемі, ауасы таза. Ата-аналардың пікірінше, ба­лалар ең бастысы – қысқы дема­лысты тиімді өткізіп, жаңа оқу тоқсанына күш-қуат жинап қайтады.
«Екі қызым Ақмола облы­сындағы «Парус» лагеріне барады. Осындай тамаша іс-шараға демеушілік жасап, жолдама ұсын­ған, демалыстың қызықты да тар­тымды бағдарламасын қарас­тырған «AMANAT» партиясына ерекше алғысымды білдіремін. Волонтерлермен бірге мен де көр­пелер, жылытқыштар таратқан болатынмын. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатқанына қуаныштымын», – деді Екібастұз қаласының тұр­ғыны Ирина Шабалдина.
Демалысқа келген әр баланың күрес, хоккей, футбол, аралас жекпе-жек, шахмат, теннис, би сияқты өз хоббиі бар. Демалыс кезінде ұлдар мен қыздар өздеріне ұнайтын іспен шұғылданады. Кіш­кентай қонақтардың дема­лысы үшін мерекелік бағдарлама, спорттық және басқа да іс-ша­ралар дайындалды. Күн сайын дискотека, концерт, түрлі жарыс, көлде және орманда конькимен, шаңғымен сырғанау, қарда жүре­тін көліктермен серуен ұйымдас­тырылады. балалар шипажайда Бұған қоса, Түркістан облысы­ның Төлеби ауданында орналас­қан «Бәйшешек» демалыс орнына бүгінде 50 бала келіп үлгерді. Со­ның бірі – Әмина Керімқұлова есім­ді 8-сынып оқушысы Түркіс­тандағы тарихи орындарды ара­лауға асығып отыр.
«Пойызда бір-бірімізбен та­нысып, түрлі ойын ойнадық. Бұ­ған дейін Түркістанға ата-әжем­мен бірге келген едім. Түркістан өзінің кесенелерімен, түрлі мұра­жайымен танымал екенін жақсы білемін. Бірақ ол кезде өте кіш­кентай болдым. Көп дүние есімде қалмады. Сондықтан бұл жолы танымдық әрі белсенді демалысты біріктіре алатыныма ризамын», – деді ол.
Барлық уақыт бойы мамандар балалардың жағдайын мұқият қа­дағалап отырады. Партиялықтар демалыс базасының басшы­лығы­мен тұрақты байланыста болады. Жалпы, Ақмола облысының ау­ма­ғында Екібастұздан барлығы 440 бала демалады. Сондай-ақ Ақмола, елордалық, Атырау, Маң­ғыстау, Жамбыл, Қостанай, Ақ­төбе партия филиалдары балалар үшін сапар ұйымдастырды. Еліміз бойынша барлығы мыңнан астам бала демалады. Олар соңдай-ақ Алматы қаласындағы, Алматы, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарындағы демалыс база­ларына барады.

Солтүстік Қазақстан облысы