Алматы облысы Полиция басқармасының бұрынғы басшысының соты басталды
Алматы облысы Полиция басқармасының бұрынғы басшысының соты басталды
625
оқылды
Талдықорғанда Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот басталды. Бүгін Талдықорғанда алғашқы сот отырысы өтті.
«Бастапқыда сот процесі жабық болады деп жоспарланған. Бірақ қазір ашық өтіп жатыр»,- деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Айта кетерлігі, бүгін Парламент Мәжілісінде Бас прокуратура ұсынған фильмде Алматы облыстық Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың жұмыс орнын тастап кетіп бара жатқан видеосы жарияланған.
«Мына кадрлардан Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы, сол кезде комендант болған Серік Күдебаевтың мекеме ғимаратын тастап кеткенін көруге болады», - деп баяндалған фильмде.