Павлодар қаласының маңында жүк көлігі толығымен жанып кетті
Павлодар қаласының маңында жүк көлігі толығымен жанып кетті
322
оқылды
Автомобиль Алматы қаласынан Павлодарға келе жатқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қаңтарда сағат 17.08-де Ақсу қаласында өрт шыққаны туралы хабарлама  түскен.
– Оқиға орнына келгенде Ленин – Ақсу тас жолында, «Нұрлы жол» көпірінен 500 метр қашықтықта тұрмыстық техника тиелген 1988 жылғы «Renault» жүк көлігі толығымен өртеніп кеткені анықталды, – дейді департаментте.
Жалын 18 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сағат 18.19-да сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен бір техника мен 5 қызметкер  жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.