Бірнеше өңірде оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Бірнеше өңірде оқушылар сабақты қашықтан оқиды
451
оқылды
Ауа райының бұзылуына байланысты 13 қаңтар күні бірнеше өңірде мектеп оқушылары онлайн оқиды. Ақтау қаласында мектепалды даярлық сыныптары және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі. Абай облысының Аяғөз, Бесқарай, Ақсуат аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сыныптары онлайнға көшіріледі. Сондай-ақ Семей қаласы мен Үржар ауданында 1-9 сынып оқушылары, Абай ауданының 1-4 сынып оқушылары үйден оқиды. Қалған аудандарда сабақ штаттық форматта өтеді. Жамбыл облысының мектептерінде де білім беру қашықтан өткізіледі. Қарағанды қаласындабірінші және екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларының сабағы қашықтан оқуға көшіріледі. Білім бөлімінің ақпаратына сүйенсек, ата-аналар ауа райының қолайсыздығына байланысты және мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке бару-бармауы туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады. Ол жөнінде сынып жетекшісіне ескертуі қажет.