– «Жалпы өңірден нақты қандай өнімдер өндіріліп жатқаны жөнінде арнайы жинақ не платформа жоқ. Әріптестермен ақылдаса келе биыл Қызылордада шығатын өнімдердің жинағын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін алғашқы жинаған ақпараттарымыз да бар. Өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына 60-қа жуық жергілікті тауарөндіруші қатысты. Осы кәсіпкерлердің ақпараттары бар. Биыл бұл тізімді толықтырамыз», – деді Пірмұхаммед Сыздықов.Сонымен бірге кәсіпкерлердің жүйелі мәселелері енді Палата жанынан құрылған салалық комитеттерде қаралатын болады.
– «Кәсіпкерлер палатасы жанынан бес салалық комитет құрдық. Өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты, сауда, қызмет көрсету және туризм, сондай-ақ құрылыс комитеті. Былтыр жылдың аяғында белсенді, нарықта тәжірибесі бар кәсіпкерлерді осы комитеттерге мүшелікке енгізіп, араларынан төрағаларын анықтап алдық. Енді бизнес өкілдерінің мәселелері осы комитеттерде қаралады, шешу жолы талқыланады, мемлекеттік және өзге де ұйымдарға ұсыныстар комитеттердің атынан жолданады», – деді палата басшысы.Атап өту керек, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері екі жарым мыңнан астам азаматқа 8 мыңның үстінде кеңес беріп, тоғыз жүзге жуық кәсіпкерге 949 сервистік қызмет көрсетті. Сондай-ақ палата мыңнан аса кәсіпкердің құқығын қорғап, бір млрд теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды. Жалпы қызылордалық бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасынан 1829 экспорттық, 117 «СТ-КЗ» сертификатын алыпты.
Ербакыт Жалғасбаев