Қазақстанда 2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстанда 2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Фото: medboli.ru
462
оқылды
Бір тәулікте коронавирус 56 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 16 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде, 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: – 8 адамның жағдайы ауыр, – 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 1 404 991 адам коронавирусқа шалдықты. Аурудан 13 843 адам қайтыс болды. Пневмонияға шалдыққан 90 645 адамның 5406-сы көз жұмды.