Айып тағылған жазушы
Айып тағылған жазушы
416
оқылды
Өткен сенбі мен жексенбіде Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының кіші сахнасында М. МакДонахтың «Жастық адам» спектаклінің премьерасы болды. Бұл театр әлемге әйгілі британдық драматург, сценарист, режиссер Мартин МакДонахтың туындысын бірінші рет сахналап отыр.  width= Оның шығармалары негізінен адамды ашық арандатып, құтыртатын сюжетке толы. Бірақ соған қарамастан әр шығармасы қайталанбас мысқылмен адамның іш бойына кіріп кетеді. Бір қарағанда,  жазалаудан тұратын тақырыбы, істің соңында сиыр құйымшақталып, немқұрайлылыққа әкеледі.  width= Осы жолғы пьессасы да жұмбаққа толы. Себебі, детективтік оқиға көрермендерді бей-жай қалдырмайтыны анық. "Жастық адам" қойылымының сюжеті жауап алу бөлмесінде өтеді. Жазушы Катурян мен оның інісі Михал қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін айыпталуда. Ал оны тергеп отырған екі полиция қызметкері.  width= Олар жауап алу кезінде айыпталушы Катурянның қылмыс сценарийі оның әлі жарияланбаған оқиғаларының сюжетімен толық сәйкес келгені үшін жауапкершілікті алуға мәжбүрлейді. Міне, осындай театр тақырыбындағы өткір қойылымды қоюшы-режиссер Игорь Седин жақсы алып шықты. Сонымен бірге, ол осы қойылымның режиссері әрі музыкалық дизайнері. Ал спектакльде Александр Корженко, Александр Лукашевич, Максим Ященко, Иван Анопченко, Полина Харламова, Сергей Маштаков және Татьяна Степанова секілді актерлар ойнады.