Қайғылы оқиға 13 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында аудандық маңызы бар "Ақкиізтоғай-Құлсары" тасжолының 25 шақырым тұсында болған.
«KIA Rio» маркалы автокөлігінің 1989 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағытта келе жатқан «Lada Priora» автокөлігіне соқтығысқан. Соққы салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің 1969 жылы туған жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған көліктің 35 жастағы жолаушысы алған дене жарақатынан ауруханада қаза болды.
Жылыой аудандық ауруханасына ауыр дене жарақатын алған 3 адам дереу жеткізілді. Зардап шеккен азаматтың біреуі ауруханада жан тапсырды.
Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған 7 адамға медициналық көмек көрсетілді.