«Кванттық апокалипсиске бір-ақ жыл қалды»: Қазақ еліне оның әсері қандай?
«Кванттық апокалипсиске бір-ақ жыл қалды»: Қазақ еліне оның әсері қандай?
Кванттық технологиялардың пайда болуы мен дамуында тек позитивті өзгерістерді күту дұрыс емес. Технологиялар оны қолданатын адамдарға байланысты өте зиянды болуы мүмкін. Фото asia.nikkei.com сайтынан алынды
1,025
оқылды
Кванттық технологиялардың пайда болуы мен дамуында тек позитивті өзгерістерді күту дұрыс емес. Технологиялар оны қолдану мақсатына байланысты пайдалы да, өте қатерлі де болуы мүмкін. Кванттық дамудан туындайтын қауіптерді британдық Daily Mail таблоидында жарияланған материалға сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz түсіндіреді. [caption id="attachment_236486" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок2 «Кванттық апокалипсис» интернет-банкингтен бастап мемлекеттік құпияларға дейін бұзуы мүмкін және сарапшылар бұған бірнеше жыл ғана қалғанын ескертеді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
«Кванттық апокалипсис» интернет-банкингтен бастап мемлекеттік құпияларға дейін барлығын ашуы мүмкін және сарапшылар бұған бірнеше жыл ғана қалғанын ескертеді. Библияда апокалипсис «ғаламның және адамзаттың жойылуы» деген мағынада қолданылады.
Осыған ұқсас қорқыныш қаңтардың басында қытайлық зерттеушілердің мақаласында кванттық компьютер (Google және IBM әзірлеген жаңа технология) желіде «қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шифрлауды бұза алады» деген болжам жасағанда туындады. Бұл тақырып туралы материалды 6 қаңтарда Financial Times газетіне сілтеме жасап, Aikyn.kz жариялады. [caption id="attachment_236488" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Google-дің бас директоры Sundar Pichai (сол жақта) мен Google инженері өздерінің кванттық машинасын тексеріп жатыр. Фото google.com сайтынан алынды[/caption] Sectigo киберқауіпсіздік компаниясының бас қызметкері Тим Каллан DailyMail-ге бұрыннан бар кванттық компьютерлер салыстырмалы түрде қарапайым болса да, бір күні олар «біз қолданатын шифрлауды қолдануға жарамсыз етеді» деп ескертті.
Сарапшылар кванттық компьютерлердің қуатты болатыны сонша, олар кез келген парольдерді, шифрларды және деректерді қорғау әдістерін бұзатыны туралы Daily Mail жазды.
Бұл кез келген цифрлық ақпаратты осал ететін «кванттық апокалипсиске» әкеледі. Оларды қорғау мүмкін болмайды. Бүгінгі қолданыстағы компьютерлік шешімдерде машиналар 0 немесе 1-ді білдіретін электронды немесе оптикалық импульстерді пайдаланса, кванттық машиналар 0, 1 немесе 1 және 0 сияқты күрделі комбинацияларды қолдануға болатын фотонды (жарық бөлшегі) пайдаланады. Яғни, мұндай икемділік кванттық компьютерге барлық ықтимал шифрлау шешімдерінің ішінен дұрыс комбинацияны жылдам анықтауға жол ашады. [caption id="attachment_236489" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок4 Кванттық компьютерлердің қуатты болатыны сонша, олар кез келген парольдерді, шифрларды және деректерді қорғау әдістерін бұза алады. Оларды қорғау мүмкін болмайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сарапшылардың айтуынша,  кванттық компьютерлердің эволюциясы деректер қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.
Олардың орасан зор есептеу қабілеті шифрлауды тез бұзып, банктік деректерден бастап медициналық жазбалар, мемлекеттік құпияларға дейінгі маңызды деректердің құпиялығын жоққа шығарады.
Дәл осы сценарийді сарапшылар «кванттық апокалипсис» деп атады. [caption id="attachment_236491" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок5 Бүгінгі суперкомпьютерлермен салыстырғанда миллиондаған есе жылдам жұмыс істейтін кванттық компьютерлердің алдында деректерді құпия ұстау, жасыру, шифрлау деген ұғым түкке тұрғысыз болып қалады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Өйткені бүгінгі суперкомпьютерлермен салыстырғанда миллиондаған есе жылдам жұмыс істейтін кванттық компьютерлердің алдында деректерді құпия ұстау, жасыру, шифрлау деген ұғым түкке тұрғысыз болып қалады. Мысалы, қарапайым компьютерге құпия кодты бұзуға шамамен 300 миллион жыл қажет болса, кванттық компьютер оны бірнеше минутта, сағатта бұза алады.
Қытайлық зерттеушілер мұндай тапсырмаларды 378 кубитті шағын ғана кванттық компьютер  шеше алатынын айтады. Кванттық желілердің жылдам эволюциясынан Қазақ елінің ғалымдары да қалмауы тиіс. Ұлттық қауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті сақтауда, күшейтуде жаңа технологиялық шешімдердің маңызы артып келеді. Бұл туралы да Aikyn.kz арнайы материал жариялаған болатын.