Астаналық вайнер жасөспірімді көлік жүксалғышына отырғызып алған
Астаналық вайнер жасөспірімді көлік жүксалғышына отырғызып алған
306
оқылды
Астанада жүргізуші жасөспірімді көлік жүксалғышына отырғызып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW және Toyota автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады. Күндізгі уақытта Достық көшесімен Мәңгілік Ел даңғылына қарай жүріп келе жатып, Toyota автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі адамды жүксалғышпен тасымалдаған. BMW автокөлігімен келе жатқан екінші жүргізуші бейне түсірілім жасаған. Тәртіп бұзушылардың әрекеттерін куәгерлер түсіріп алып, полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері екі жүргізуші де өздерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен алмасып, сол арқылы жалған нөмірлері бар көлікті басқарғанын анықтады.
– Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Сонымен қатар Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбеков.