Қақаған аязда даладағы мұздай суға түскен Динара Сәтжанның мінсіз мүсіні көптің көзіне түсті.
“Мұзойыққа бірінші рет түсіп тұрмын. Десе де, маған ұнады. Контент үшін не істемейсің?”, – деп жазды Динара.
Ал желі қолданушыларының басым бөлігі тележүргізушінің сымбатты мүсініне тамсана қарап, мақтау сөздерін жарыса жазды.
“Динара мүсініңіз керемет”, “Сондай жас көрінесіз”, “Мүсініңіз от екен”, “ Өз-өзіне жақсы қарап, күтім жасағанның нәтижесі осындай болады”, “Қыздай” деп жазды желідегілер.