Бір тәулікте 70-тен астам адамнан коронавирус анықталып, бір адам көз жұмды
Бір тәулікте 70-тен астам адамнан коронавирус анықталып, бір адам көз жұмды
Фото: twitter.com
1,089
оқылды
Өткен тәулікте коронавирус 74 адамнан анықталды. Пневмонияға 7 адам шалдықты. Пневмониядан 1 науқас көз жұмды. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жалпы, 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирустан 1 949 адам (коронавирус (КВИ+) –1 796, пневмониядан (КВИ-) – 153 адам емделуде. Оның ішінде, 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 10 адамның жағдайы ауыр, – 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.