NASA мен Boeing жаңа ұшақ жасау үшін күш біріктіреді
NASA мен Boeing жаңа ұшақ жасау үшін күш біріктіреді
NASA мен Boeing жаңа әуе лайнерін жобалауға, жасауға және пайдалануға 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмекші. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
777
оқылды
NASA өзінің ғарыштық жобаларымен танымал болғанымен кеше Вашингтонда NASA әкімшісі Билл Нельсон жердегі жобаларын жариялады. Ғарыш агенттігі Boeing және басқа серіктестермен бірлесе отырып, жаңа буын енсіз фюзеляжды әуе лайнерін жобалауға, жасауға және пайдалануға 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмекші. Мақсат – 2030 жылдың басына дейін бүгінгіден әлдеқайда үнемді ұшақ жасау. 18 қаңтарда NASA-ның штаб-пәтерінде таныстырылған жоба туралы Aikyn.kz NASA ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды. [caption id="attachment_236920" align="aligncenter" width="1243"]Рисунок2 18 қаңтарда NASA-ның штаб-пәтерінде ғарыш агенттігінің әкімшісі Билл Нельсон 2030 жылдың басына дейін бүгінгі қолданыстағы ұшақтардан әлдеқайда үнемді ұшақ жасау жобасын таныстырды. Фото NASA ресми сайтынан алынды.[/caption] NASA жобаға 425 миллион доллар инвестициялайды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін NASA бұл ұшақтарда қолданбайды.
Басты идея – ауқымды инвестиция әуе тасымалының шығындарын азайту арқылы климаттың өзгеруіне үлкен үлес қосу. Өйткені, NASA қызметінде бұл бағытқа көп көңіл бөледі.
NASA пресс-релизінде енсіз, тар корпусты ұшақтар бүгінгі таңда әлемдік авиация паркінің жартысына жуығын құрайтынын айтылды. Әуе кемелерінің бұл түрлері, әсіресе, жолаушылар тасымалы үшін кең таралған. [caption id="attachment_236921" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Жаңа әуе кемесінің Transonic Truss-Braced Wings (TTBW) деп аталатын қанаттары қазіргі коммерциялық лайнерлерге қарағанда әлдеқайда биік орналасатын болады. Фото Boeing ресми сайтынан алынды[/caption] Бұл жоба қазіргі кезде ұшып жүрген әуе кемелері шығаратын зиянды газды 30%-ға азайтуға бағытталған. Нәтижесінде, NASA да, жалпы авиация қауымдастығы да 2050 жылға қарай зиянды көміртегі шығармауға міндетті. Бұл бірлескен инвестиция алдағы онжылдықтардағы көптеген өзгерістердің бірі ғана болатынына қарамастан, осы жолдағы маңызды қадам саналады. Сонымен, бұл жаңа технология дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?
Әуе кемесінде күтілетін ең айқын өзгеріс – Transonic Truss-Braced Wings (TTBW) деп аталатын қанаттардың жаңа дизайны. 2019 жылы Boeing алғаш рет таныстырған TTBW қанаттары қазіргі коммерциялық реактивті лайнерлерге қарағанда болашақ ұшақтарда әлдеқайда биік орналасатын болады.
Мысалы, Boeing 737 ұшағында төтенше жағдайда жолаушылар шығатын есіктер қанаттардың үстінде орналасқан. Бірақ TTBW ұшағында қанаттар фюзеляждың жоғарғы жағына, терезелер мен шығу есіктерінен де жоғары бекітілген. [caption id="attachment_236922" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 Болашақ NASA ұшағы қанаттарының құлашы бүгінгі әуе лайнерлерінен әлдеқайда үлкен болады. Соншалықты ұзын болғанымен, олар әлдеқайда жеңіл. Сондықтан жаңа қанаттарды фермалармен қосымша бекіту қаралған. Фото Boeing ресми сайтынан алынды.[/caption]
Болашақ NASA ұшағы қанаттарының құлашы бүгінгі әуе лайнерлерінен әлдеқайда үлкен болады. 737-ші Боинг қанатының құлашы 117 фут (36 метр) болса, жаңа ұшақта 170 футқа (52 метр) жақын жобаланған. Олар соншалықты ұзын болғанымен, әлдеқайда жеңіл болмақ. Сондықтан жаңа қанаттарды фермалармен қосымша бекіту қаралған.
Boeing зиянды газдар мен шуды азайту, өнімділікті жақсарту мақсатында бұл конструкцияны 10 жыл бойы зерттеп келеді. Инновациялық қанаттан басқа NASA мен Boeing басқа да жүйелерді, соның ішінде қозғалтқышты, материалдар мен ұшақтың жабдықтарының архитектурасын да жаңартуға ниетті. NASA жобаны сынауды осы онжылдықтың соңында 2030 жылдары аяқтауды көздеп отыр. Өршіл мақсатқа қол жетсе атмосфераның тазаруы  адамзат үшін құнды жетістік болар еді.