Әскерге шақырылғандардың несиесін төлеуді уақытша тоқтату ұсынылды
Әскерге шақырылғандардың несиесін төлеуді уақытша тоқтату ұсынылды
342
оқылды
Мәжіліс депутаты әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтатуды ұсынды. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юрий Тимощенконың айтуынша, несиесі болғандықтан әскерге шақырылушылар Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр.
«Салдарынан сарбаздың несиесі оның жақындарына салмақ болып түседі және сарбаздың психоэмоциялық көңіл күйіне әсер етеді. Сондықтан, әскери қызмет уақытында несие төлемін және өсімін уақытша тоқтатуды ұсынамыз», – деді депутат.
Қазіргі уақытта әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасы төлеуге мәжбүр, төленбеген жағдайда банктің өсімпұлы қосылып жатыр. «Үкіметке әскери қызмет кезінде несиені уақытша тоқтату туралы ұсыным жібердік. Бизнестің бұл ұсынысты қалай қабылдайтынын білмейміз, бірақ мұндай қадамды жасау қажет», – деді Юрий Тимощенко.