Лос-Анджелестегі атыс кезінде 10 адам қаза тауып, 10-нан астамы жараланды, - деп жазады Inform.kz.
Атыс Лос-Анджелес орталығынан шығысқа қарай 10 миль (16 км) жерде орналасқан Монтерей-Парк қаласында болған. Мұнда шамамен 60 мың адам тұрады, оның біраз бөлігі – азиаттық қауымдастық.
Қалада ай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алуға мыңдаған адам жиналған. Полицияның мәліметіне сәйкес, мерекеден кейін атыс болып, 9 адам көз жұмған.
Лос-Анджелес округі шерифінің департаменті күдікті ретінде ер адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.