Тағдыр талқысы: анасының өліміне кім кінәлі?
Тағдыр талқысы: анасының өліміне кім кінәлі?
2,457
оқылды
ASTANA TV арнасында жаңа үнді телехикасының тұсауы кесілмек. 23 қаңтардан бастап көрсетілетін «Тағдыр талқысы» атты туынды жақындарын жоғалтқан жаралы жүректің жайын қозғайды – Үндістанда 2018 жылы жарық көрген телехикая қаралым жағынан алғашқылардың бірі болған. Көптің назарын өзіне қаратқан туынды отандық көрерменнің де жүрегінен ойып тұрып орын алады деген сенімдеміз, – дейді телеарна продюсерлері. Бұл туынды анасының өліміне кінәлілерді іздеген Кальянидің (Reem Shaikh), абақтыға жабылған Атул (Pankaj Vishnu) әкейдің, бұрынғы күйеуінің қызына қамқоршы болған Ануприидің (Poorva Gokhale) шытырманға толы оқиғаларын баяндайды. https://www.youtube.com/watch?v=GoDSssyXbJE
Бір-ақ сәтте жақындарын жоғалтқан бойжеткен тағдырдың қатал сынына төзе ме? «Тағдыр талқысы» үнді телехикаясын 23 қаңтардан бастап, күн сайын кешкі сағат 21.55-те  ASTANA TV  арнасынан тамашалаңыз!