Оқиға 20 қаңтар күні Атырау облысы Миялы – Индер тасжолының маңында болды.
Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Nissan Patrol автокөлігін тоқтатып, заңсыз киік аулаған 4 күдіктіні ұстады.
Тінту барысында көліктен 1 киіктің мүйізі мен бөлшектенген еті, 2 қоян еті, 2 дана тегіс ұңғылы аңшы қаруы мен жарық шамы тәркіленді.
Қазір 1993, 1999, 1999, 2004 жылы туған төрт күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша іс қозғалды.