Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 25 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 25-27 қаңтарда Түркістан облысыныңоңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Шымкент қаласында 25-27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 25 қаңтар күндізҚостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. 25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 25 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын тұрады. Батыстан жел соғады, облыстың батысында желдің күші - 15-20 м/с.