Бокстан абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес "Меховая 8/1" тобы орындайтын "Тойға шашу" әніне билеп жүр.
Аты әлемге әйгілі боксшының қазақтың әніне еліте билеген сәтін "Меховая 8/1" тобының әншісі Қабдол Тілеков өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жаттығу залында жүргенін көруге болады.
"Канело, саған көп рахмет! Той болып жатса, хабарлас", – деп жазды Қабдол Тілеков.
Атақты спортшының биіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.
"Канелоға деген көзқарасым өзгерді. Қазақша билегені дұрыс болыпты", "Сары жақсы биледі, жұп болсын", "Қазақтың әні керемет қой, осыдан кейін Мексикадағы тойларда қойылатын шығар", "Канело, саған ырзамын. Биді қатырдың" деп жазды желі қолданушылары.