Алматы облысы полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірді деп күдікке ілінген азаматты ұстады.
24 қаңтарда сағат 13:48 шамасында Талғар аудандық ПБ-ға оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция бөлімшесінің СДТБТ-да тіркелді.
"Талғар ауданының 1990 жылғы тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген полиция хабарламасында.