Ақмолада босанған әйел жаңа туған сәбиін пешке тастап, өртеп жіберген
Ақмолада босанған әйел жаңа туған сәбиін пешке тастап, өртеп жіберген
Фото: polisia.kz
1,254
оқылды
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған сәбиін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, әйел «нәресте тірі емес деп ойлап, осындай әрекетке бардым...» деп түсіндірген. Оқиғаны полицияға аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған. Дәрігер полицейге 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексеріп, оның үш күн бұрын, яғни 23 қаңтарда босанғанын айтқан.
«Босанған әйел сәбиін пешке тастап, өртеп жіберген. Тергеу барысында 24 қаңтарда әйел толғатса да, дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Әйелдің айтуынша, нәрестені жанып тұрған пешке тастап, өртеп жіберген», – дейді полицейлер.
Полиция осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша жүргізіледі.