"Жеңілдетілген несие" алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

"Жеңілдетілген несие" алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Алаяқ алматылықтарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан көлік алып беруге уәде еткен.
"Күдікті бірнеше ай бойы аңғал азаматтарды алдап келген. Оларға автоорталықтан кезексіз, жедел түрде және жеңілдетілген несиеге жаңа көлік алуға көмектесуге уәде еткен. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт алдау дерегіне қатыстылығы дәлелденді. Осынша адам полицияға арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды 3 млн теңгеге бағалаған. Алаяқтық дерегіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.