Қазақстанда бір апта ішінде шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 30 мыңнан аса өтінім мақұлданып, 6 мыңнан аса көлікке қазақстандық жаңа нөмір берілді.
"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 30 415 өтінім мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды", – деп хабарлады ҚР ІІМ.