Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с-ке жетеді.
Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады. Сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.