Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі ұл баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды astanatv.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді. Ол дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған.
Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, онан кейін жұлқылап басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді. Бейнежазбадан баланың қатты жылап жатқанын анық естуге болады.
Ұл баланың анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен әлеуметтік желіге жария еттім дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=RmRroglOYdc&embeds_euri=https%3A%2F%2Fastanatv.kz%2F&source_ve_path=MjM4NTE&feature=emb_title