«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысында тағы бірнеше жол бөлігі жабылғанын мәлімдеді.
«Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі, тұман) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төменде көрсетілген учаскелерде шектелді:
«Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейін;
«Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін;
«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін;
Жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігіне көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарын жүргізуде.