Түркияда 7 балдық жер сілкінісі болды – фото
Түркияда 7 балдық жер сілкінісі болды – фото
Фото: aa.com.tr
1,662
оқылды
Бүгін Түркияда алапат жер сілкінісі болды. Бұл туралы Aikyn.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп аймағында магнитудасы – 6,4-6,6, сәлден кейін магнитудасы 7,4 балл құрайтын қуатты жер сілкінісі болды.   [caption id="attachment_239248" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: aa.com.tr[/caption] «Анадолы» агенттігінің мәліметінше, Нурдагы ауданында – 6,4-6,6, Ислахие аймағында магнитудасы 6,6 жер сілкінісі тіркелді. Апаттан тұрғын үйлер мен ғимараттар қираған.    width= 7,4 балдық жер сілкінісі Кахраманмарашдағы Пазарджик ауданында 7 шақырым тереңдікте болған.  Жерасты дүмпуі Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада да сезілді.    width= Түркияның төтенше апаттар жөніндегі мекемесі зілзаладан үрейленіп, далада қалған тұрғындарға шұғыл көмек көрсетуге кірісті. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Twitter-де жер сілкінісінен зардап шеккендерді даурықпауға шақырып, қиындықты ел болып еңсеретінін айтып, жазба жариялады.