Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршиннің «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV съезінде "Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол – ауылды көркейту" керегін сөз етті.
«Қазағымның қаны сенсің ауылым,Ұлтымыздың рухы сенсің ауылым!Бабалардың ізі қалған ауылым,Тіліміздің заңы сенсің ауылым!, – дегендей ауыл біздің анамыз, бабамыз, тарихымыз. Ақиық ақындар да, кемеңгер жазушылар да ауылда өскен. Ауыл – біздің адами капиталымыздың қайнар көзі. Егер біз, әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам құрамыз десек, онда ең бірінші ауылды аяғынан тұрғызуымыз қажет. Әділдік сонда ғана болады! Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! Жердің киесі мен Елдің иесінің қаншалықты маңызды екенін «AMANAT» партиясы өте жақсы түсінеді және соған қызмет етеді. Ұлттық болмысымызды сақтаудың, халқымызды тарыдай шашып алмаудың бір жолы – ол ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осы мақсатты іске асыру үшін «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда жүйелі жұмыс істейді. Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол – ауылды көркейту. Ауылды ұмытпайық! Жүректерімізде де, ойларымызда да «Ауыл» деген сөз, тасқа ойылған ою құсап тұрсын!».