Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды
Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды
© 9111.ru
998
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматыдан аттанған Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары зілзала салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға жетті.  Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен зардап шеккендерге көмектеседі. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі. Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.