Биыл 4 ақпанда ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдікті ұстады. Бұл туралы Aikyn.kzҰлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Төртеуі биыл қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресейге өтуді жоспарлаған.
Алайда Ресейге кіруге шектеуі болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.
Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.