Елімізде 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылған.
«11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады», — делінген құжатта.Кешенді жоспарда көрсетілгендей, вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы. Сонымен қатар аталған уақыт ішінде «В» вирусты гепатитіне де қарсы вакцинация жүргізілмек. Бұл бағытта да нысаналы топтың 95%-ын тиісті екпемен қамту жоспарланған. Құжатты ашық талқылау 23 ақпанға дейін жалғасады.