Ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 аймақта жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.KazAvtoJol-дың мәліметінше, сағат 10:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 3 облыста қар, боран және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Автожолдарда 337 техника мен 636 маман жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысында 2 учаске:
– тіркемелі, жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қонаев-Шеңгелді учаскесі;
– автокөліктің барлық түрі үшін «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолы Байсейіт-Қорғас арасы;
Жамбыл облысында 1 учаске:
– көліктің барлық түрі үшін «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолы, Кенен-Благовещенка арасы, (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)
Жетісу облысында 2 учаске:
– тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктері үшін «Алматы-Өскемен» тасжолы, Шеңгелді-Қарабұлақ арасы;
– «Алматы-Өскемен» тасжолы, Қарабұлақ-Үшарал арасы.