Оқиға бүгін, яғни 11 ақпан күні сағат 10.30-да тіркелген.Үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған Senimndi Kurylys ЖШС-ның 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бірреттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап еткен.
"Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, Senimdi Kurylys басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады", — һделінген
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.