Жетісу облысында жас бала екі адамды өлтірмек болған
Жетісу облысында жас бала екі адамды  өлтірмек болған
2,297
оқылды
Жетісу облысында екі ауыл тұрғынын өлтірмек болған күдікті ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 10 ақпанда аудандық ауруханаға 17 және 18 жасар екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жасар танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды.
"Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабына, 99-бабы ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша жүргізіледі", – деп жазды Ішкі істер министрлігінің  Telegram каналы.