Жетісу облысында кәмелет жасқа толмаған жігіт екі ауылдасын пышақтап кетті, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы.
10 ақпанда аудандық ауруханаға 17 және 18 жастағы екі жігіт пышақ жарақатымен жеткізілді. Оларды 17 жастағы танысы пышақтап кеткен.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 24-бабы мен 99-бабы ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.