Шығыс Қазақстан облысында былтыр 37 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – шамамен 533 жер учаскесі. Оның жетеуі осы 2004-2007 жылдары ШҚО-ны басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі. Бұл туралы Aikyn.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстың экс-әкімі ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен, Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімі болғаны анықталды.
Сонымен қатар Өскемен қаласында 4 учаскені алып қойған. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос тұрған. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер телімінің жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады.
Бұған дейін мемлекетке қайтарылған жерлер туралы жазған болатынбыз.