Доллар бағамы 3,19 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 3,19 теңгеге төмендеді
14,143
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,19 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 09 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 16 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 447,29 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444,5 теңгеден болса, сатып алу – 447,5 теңге. Алматыда Ресей рублі 5,85-6,1 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,85-5,97 теңгеден сатылуда.