Адам – «Интергаз Орталық Азия» АҚ («QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіреді)қызметінің басты құндылығы.
Адам капиталына салынған инвестиция – дамудың басты стратегиясы
134
оқылды

Бұл ұстаным компанияның күнделікті жұмысынан айқын көрінеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында компания еңбек жағдайлары мен тұрмыс сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмысты күшейтті. Елдің газ тасымалдау жүйесінің сенімді жұмыс істеуі – бұл қызметкерлер үшін абстрактілі ұғым емес, күнделікті атқаратын жауапты міндет.

Еңбек жағдайларын жақсартуға жүйелі тәсіл

Компанияда қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағ­дайларын жақсартуға бағытталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылы бұл бағыттағы қызмет өндірістік қатынастардың жаңа стан­дарттары — IR (Industrial Relations) енгізілуі аясында жаңа серпінге ие бол­ды. «Интергаз Орта­лық Азия» АҚ-ның барлық филиал­дарында еңбек ету және тұрмыстық жағдайлардың жай-күйіне кешенді талдау жасалды.

IR-скрининг нәтижелері бой­ын­ша еңбек жағдайларын жақ­сартуға арналған 73 іс-шараны қам­ти­тын кешенді жоспар әзірленді. Бүгінгі күні 2,83 млрд теңге сома­сына жұмыстар орындалды.

Вахтадағы өмір – заманауи стандартта 

Бірнеше жыл бұрын вахталық өмір уақытша құрылыстармен және ең төменгі тұрмыстық жағдайлармен байланысты болатын. Бүгінде бұл көзқарас өткеннің еншісінде қалып барады. Газ саласының қызметкер­лері үшін жайлылық пен қауіп­сіздіктің жоғары стандарттарына сай заманауи модульдік вахталық кешендер салынуда.

Аталған жобалар «Интергаз Орта­лық Азия» АҚ тарапынан жүзе­ге асырылды. Жаңа вахталық кешендер компанияның Теміртау және Жезқаз­ған желілік-өндірістік басқарма­ларының қызметкерлеріне арналған.

Аумағы 10 мың шаршы метрден асатын әрбір нысан жұмыс пен тұрмысқа толық бейімделген. Мұнда әкімшілік ғимараттар, жа­тақ­ханалар, спорттық және тұрмыс­тық нысандар, сондай-ақ инже­нер­лік және күзет инфра­құрылымы қарастырылған.

Әкімшілік ғимараттарда оқу сы­нып­тары мен медициналық пункт­тер, серверлік, мұрағат бөлме­лері, ал тұрғын блоктарда демалыс бөлмелері, асүйлер, спортзалдары мен кір жуу орындары қарасты­рылған. Арнайы киімді кептіруге арналған жүйелер күрделі климат­тық жағдайда еңбек ететін жұмыс­шы­лар үшін ерекше маңызға ие.

Жобалардың небәрі жеті айда іске асырылуы  блокты-модульді құрылыс технологиясының тиімді­лігін көр­сетті. 

«Қызметкерлерге қамқорлық жасау, өндірістік нысандарда қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру – QazaqGaz ұлттық компаниясының негізгі қағидаттарының бірі. Жұ­мысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарына ерекше қамқорлық жасалуда. Осы заманауи көпфунк­ционалды кешендердің іске қосылуы­мен біз вахташылардың тұрмыстық дең­гейін жаңа деңгейге көтереміз. Ал қолайлы жұмыс орны еңбек тиім­ділігіне тікелей әсер етеді және бар­лық өндірістік міндеттерді табысты іске асыру үшін негіз қалыптас­тырады», – деп атап өтті QazaqGaz­ басшысы Әлібек Жамауов.

Қолданыстағы нысандарды жаңғырту: ел аумағындағы ауқымды шара

2025 жылы компания Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Орал, Тараз, Шымкент және Қызы­лорда қалаларындағы нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізді. Әкімшілік-тұрмыстық ғима­раттар, жатақ­ханалар, спорт зал­дары мен инженерлік жүйелер жаңартылды.

Стратегиялық маңызы бар ны­сандардың бірі – Атырау филиалына қарасты Мақаттағы «Надежда» жатақ­ханасы. 1985 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ғимарат толық жаңартылды. Бұл ғимарат «Орта Азия – Орталық» және «Ма­қат – Солтүстік Кавказ» магистрал­дық газ құбырларына қызмет көр­сетуге келген қызметкерлерді орна­лас­тыруда маңызды рөл атқарады. Стра­тегиялық маңызы ескеріліп, жатақ­хананы күрделі жөндеуден өткізу компания үшін басым мін­дет­тердің біріне айналды.

Сондай-ақ Орал филиалының желілік-пайдалану қызметінің ғи­мараты жаңартылып, онда қауіпсіз әрі заманауи еңбек жағдайы жасал­ды. 

Мұнда барлық кабинет, шеберха­налар, киім ауыстыратын бөлмелер, санитарлық тораптар мен душ бөлме­лері жаңартылып, заманауи желдету, жылыту, жарық­тандыру және электр­мен жабдықтау жүйелері орнатылды.

Дәнекерлеу жұмыстарына ар­нал­ған арнайы сорғыш желдетуі бар посттар жабдықталып, жұмысшы­лардың қауіпсіз әрі жайлы еңбек етуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар автокөлік пен арнайы техни­каны жедел жөндеуге арналған шұң­қыр орнатылды.

26 желтоқсан күні салтанатты жағдайда 60-қа жуық қызметкер толық жаңғыртылған ғимаратқа көші­рілді.

Компания қызметкерлерге ың­ғайлы жұмыс ортасын құру тек ірі жоба­лармен ғана емес, күнделікті ұсақ-түйектерге мұқият көңіл бөлу арқылы мүмкін екенін жақсы түсі­не­ді. Әрбір бөлімде жұмыс және тұрмыстық аймақтарды заманауи тұрмыстық техника, сапалы жиһаз және жайлылық элементтерімен кезең-кезеңімен жабдықтау стан­дарттары енгізілуде.

Бұл тәсіл біржолғы сатып алу емес, ол қызметкерлердің мотива­циясы, денсаулығы және еңбек өнім­ділігін арттыруға арналған ұзақ­мерзімді инвестиция ретінде қарас­тырылады.

Қауіпсіз жол – сенімді еңбек

Өндірістік нысандарға қатынау жағдайын жақсарту мақсатында Арал желілік-өндірістік басқар­ма­сына (Ақтөбе МГҚБ) және Атырау МГҚБ-ның Апаттық-жөндеу учас­кесіне 28 орындық жаңа автобустар сатып алын­ды. Бұл көліктер қауіп­сіздік, сенім­ділік, жайлылық және жолсыз жерлерге бейімділік талап­тарына толық жауап береді.

Еңбек адамы – басты назарда

«Интергаз Орталық Азия» АҚ үшін Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін атқарылған жұмыс­тардың кезеңі. Қызметкерлерге лайықты жағдай жасау арқылы компания газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттырып, саланың тұрақты дамуына үлес қосып келеді.

Жұмысшы мамандықтар жылы компанияның еңбек адамына деген қамқорлығы жай ғана ұран емес, нақ­ты іске негізделген стратегиялық бас­ым­дық екені тағы бір мәрте дәл­елденді.