Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
615
оқылды
Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Ақорда. Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.